ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

20:35, 14 қараша 2019

Бұдан соң, Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы ірі бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен ет өңдейтін зауытқа барды. Мұнда ел аумағына тарайтын сиырдың және жылқының етінен жасалған ең дәмді шұжықтар, консервіленген жартылай дайын өнімдер өндіріледі. 6 адаммен басталған шағын кәсіпкерлік бүгін өңірдегі ең ірі ет өңдеу зауытына айналды. Жүзден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. 

Ал, бұл – қаптың түр-түрін шығаратын фабрика. Мұнда 1 мыңға жуық адам қызмет етеді. Жұмыс ауыр емес. Заманауи құрал-жабдық бар, тың технология енгізілген. Жұмысшыларының әлеуметтік мәселесі де басшылық назарында. Бас-басына баспана бермесе де, алдағы уақытта жұртты жатақханамен қамтамуға ниетті. Сондай-ақ, жас маман кәсіби кадрға айналады  бұл жерде.

БЕКЗАТ САПАРОВ, МАШИНИСТ-ЭКСТРУДЕР:

- 1 жарым 2 айдай Сізді үйретеді пока үйренгенше. Дайын деген кезде экзамен тапсырасың. Экзаменді жақсы өтсең, жұмысқа алады. Өтпесең әрі қарай ученик болып жүресің дұрыстап үйренесің.

Уақытты тиімді пайдалану – табысқа жетудің кепілі. Бұл – 7-ші баласына айы-күні жетіп отырған көп балалы кәсіпкер ана – Ғалияның ұстанымы. Қазір ол – шаһардағы ірі сән үйінің иесі. Кәсіптің қыр-сырын тереңінен түсінген ана, енді өзгелердің бизнес бастауына жәрдемдесуде.  Себебі, жақсылықтың бағасы, мемлекеттің қолдауы өлшеусіз екенін жақсы біледі. Қазір мұнда 25 адам еңбек етеді.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АСҚАР МАМИН МЕН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АЛМАСАДАМ САТҚАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
20:31, 2 тамыз 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АСҚАР МАМИН МЕ...
Толығырақ...
«ASHYQ» ЖҮЙЕСІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖАСАЛМАҚ
20:33, 30 шілде 2021
«ASHYQ» ЖҮЙЕСІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ПАРАЛИМПИАДА ҚҰРАМАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:31, 30 шілде 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ПАРАЛИМПИАДА ҚҰРАМАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...