Президент елорда әкіміне тұрғындардың түйіткілді мәселелерін шешуді тапсырды. Ақордада Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қалада 3-ші Жылу Электр Орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жаңа аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 200-ден астам аула мен қоғамдық демалыс орны жаңартылады. Президент елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Сонымен қатар ең негізгі мәселе осы қаланың халқының санының өсуіне байланысты қолжетімді баспананың қарқынын төмендетпеу. Сонымен бірге әлеуметтік нысандарды мектеп құрылысын, басқа да әлеуметтік нысандарды уақытылы іске тапсыру жөніндегі тапсырма берді.
Сондай ақ бүгін Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімін қабылады. Президент облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау маңызды екенін айтты. Алматы облысы мен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына өзгерістер енгізілмек. Президент жаңа әкімге облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, үш ауысымдық мектеп, медицина және қоғамдық көлік мәселелерін шешуге қатысты бірқатар міндет жүктеді.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Үкіметпен бірлесіп көп мына ирригация бойынша және инфрақұрылымдық жұмыстарды жасауға бағытталған тапсырмалар болды.