ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

20:31, 6 қазан 2021

Қазақстан - Орта азиядағы көшбасшы ел. Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия осылай деді. Ақордадағы кездесуде тараптар пандемия кезінде елімізде ұлттық экономика мен халықаралық сауданы қолдау жөнінде кешенді жұмыстарды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстар қарқын ала түсетінін жеткізді. Ал Кунио Микурия Түркістан қаласындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын аралағанын айтып, жаңа әуежайдың кедендік ресімдеу процесін жоғары бағалады. Бас хатшы Қазақстандағы кеден саласының айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның электронды кедендік декларациялау рәсімі мен «бір терезе» қағидатын енгізу тәжірибесі Ұйымға мүше көптеген елдер үшін озық үлгі бола алатынын айтты. 

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Сіз - Қазақстанның жақсы досы әрі сенімді серіктесісіз. Ұйымның нығая түсуі үшін қосқан үлесіңізді бағалаймыз. Біз Дүниежүзілік Кеден ұйымының белсенді мүшесіміз, өзге де халықаралық конвенцияларға қосылдық. Ұйым аясында ортақ жұмысымыз көп. Қазақстан бұл ұйыммен әріптестігін жалғастыра бермек.

 КУНИО МИКУРИЯ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ :

- Сіз елдер арасындағы ынтымақтастықты бекіте түсуге үлкен мән бересіз. Оңтүстік жақтағы Өзбекстанмен шекараларыңызда болдым. Жаңа инфрақұрылым салынып жатқанын көрдім. Бұл сіздердің аймақтық интеграцияға деген ұмтылыстарыңызды білдіреді. Сіздің ел Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстіктібайланыстыратын аймақ ретінде кедендік әкімшіліктер үшін маңызды. Сондықтан әріптестігімізді бағалаймын.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:17, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
17:15, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
20:33, 25 қараша 2021
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...