ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЕҚЫҰ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

20:30, 2 маусым 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рауды қабылдады. Президент елдегі жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтты. Сонымен қатар, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды шараға баға беру үшін өз Миссиясын жіберу жөніндегі шешімін қолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Збигнев Рау Ұйымның әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттардағы ықпалдастығын жан-жақты талқылады. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Қазақстанның Польшамен, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен  ынтымақтастығын нығайту үшін бұл сапардың маңызы зор. Апта соңында бізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл маңызды саяси өзгерістердің бастамасы. Қазақстанда демократияны ілгерілету жұмыстары үздіксіз жалғаса береді. Польша - Қазақстан үшін Орталық Еуропа аймағындағы маңызды серіктес. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналым 760 миллион долларға жетті. Өзара сауда-саттықты ұлғайту үшін мүмкіндігіміз мол».

ЗБИГНЕВ РАУ, ЕҚЫҰ ТӨРАҒАСЫ, ПОЛЬШАНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- «Менің бағалауым бойынша, алдағы референдум Конституцияға өзгерістер енгізу, халықтың  әл-ауқатын арттыру және нарықтық реформаларды ілгерілету жөніндегі Сіздің бастамаларыңыз тұрғысынан үлкен серпіліс саналады. Реформалар демократия, бостандық және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өткім келеді». 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар