ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ӘСКЕРИ ШЕНДЕР МЕН НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

20:30, 6 мамыр 2022

77 жылдан кейін еленген ерлік! Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді. Әрі үздік әскери қызметкерлерге мемлекеттік награда табыстап, мерейлерін өсірді. Мерекесімен құқттықтап, тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін кез-келген әрекетке тойтарыс беруге дайын болуымыз керектігін ескертті. Тілшіміз тарқатсын.

Отан қорғаушылар мерекесін Ақордада атап өту игі дәстүр. Бірақ бұл жолғы жиынның жөні бөлек. Президент ерекше қызметімен көзге түскен әскерилерді ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан майдангерлерді де назардан тыс қалдырмады. Аты аңызға айналған Ыбырайым Сүлейменов, Александр Несмиянов пен Төлеуғали Әбдібековке «Халық қаһарманы» атағын берді.

Айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» бен Отан ордені туысы Кемелбаева Айгүл Жолдасбайқызына тапсырылсын.

Бұл тарихи әділдіктің орнауы деді президент. Өйткені үш жауынгер бірнеше мәрте «Кеңес одағының батыры» атағына ұсынылса да, ескерусіз қалып келген. Бірақ ерліктері ерекше. Төлеуғали Әбдібеков атақты мерген. Бір өзі майдан даласында 397 жаудың көзін жойған. Ал Александр Несмиянов жау қорғанысын бірінші болып бұзып, 20 фашистке жалғыз қарсы тұрғанына тарихи құжаттар дәлел. Ыбырайым Сүлейменов те құралайды көзге атқан мерген.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ол бір жылдың ішінде 289 жау әскерін жойды. Бұл ерлік те тарихи деректерде көрсетілген. Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова екеуі соңғы демі қалғанша жаумен арпалысып, қаза тапты. Батыр атағына екеуі қатар ұсынылғанымен, Ыбырайым Сүлейменовтің ерлігі жоғары деңгейде бағаланбады.

Десе де есіл ерлерді осы уақытқа дейін жұрт ұлықтап келді. Батырлардың есімі ауылдар мен көшелерге берілді, ескерткіш орнатылды. Енді міне, «Халық қаһарманы» атанды. Осы күнді ұзақ күткен туыстарының қуанышында шек жоқ. 

АЙТКҮЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, Ы.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ НЕМЕРЕ ҚАРЫНДАСЫ:

- Өзімнің арманым еді. Мінекей сол арманымның орындалғанына сенерімді де сенбесімді де білмей тұрмын. Жаңа Қасым-Жомарт Кемелұлынан алған награданың өзі мені көкке жеткізді.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыста 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес одағының батыры атанған. Бірақ ерлігі еленбей қалған өзге де майдангерлер жетерлік. Біз оларды ұмытпай, ұлықтауымыз керек деді президент. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Өйткені ерлік ешқашан ескірмейді. Майдангер аға буын, кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі өнеге. Бүгінде олардың жолын жалғаған бейбіт күннің батырлары аз емес.

Иә, бүгінгінің батырлары Ақордаға арнайы шақырту алған. 70-тен астам офицерден бастап сержантқа дейін осында. Қасым-Жомарт Тоқаев оларға әскери шен беріп, медальдарды кеудесіне тақты. Солардың бірі Қайрат Базарбай. Арысты жарылғыш заттан тазартқан ол, жауынгерлік ерлігі үшін төсбелгісін алды.

ҚАЙРАТ БАЗАРБАЙ, № 35/748 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ РОТА КОМАНДИРІ:

- Жару жұмыстары өте қауіпті. Келген снарядтарды катлавандарға қойып, жинап, оларды жарду жұмыстарын жүргізіп отырдық.

Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды Қарулы Күштеріміз бен құқық қорғау органдары кірпік қақпай күзетуі тіис.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазақстан әуел бастан бейбіт саясат ұстанып келеді. Барлық мемлекетпен достық қарым қатынас орнаттық. Дегенмен әскеріміз кез-келген қатерге той тарыс беруге дайын болуы тиіс. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухы биік. Отаншыл болуы аса маңызды.

ДОСЖАН МАРАТҰЛЫ, ТІЛШІ:

- Сондай-ақ президент әскерилерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің айрықша назарында болатынын айтты. Өйткені түрлі қақтығыстар мен геосаяси тұрақсыздық қашанда сақадай сай тұруды талап етеді. Ал қуатты армия елдігіміздің берік қалқаны, тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:35, 4 шілде 2022
ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
20:34, 4 шілде 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 4 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...