ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ӘЗЕРБАЙЖАН МИЛЛИ МӘЖІЛІСІНІҢ СПИКЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

20:31, 29 қыркүйек 2021

Қазақстан мен Әзербайжанның ынтымақтастығын арттыру бойынша мәселелер Ақордада талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарованы қабылдап, жуырда өткен ТүркПА отырысының қорытындыларына тоқталды. Ал Сагиба Гафарова Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қазақ басшысына жолдаған сәлемін жеткізіп, қос мемлекеттің парламентаралық диалогы жандана түскенін атап өтті. Қазақстан мен Әзербайжан – стратегиялық серіктестер. Осы күнге дейін екі ел үкіметтері 100-ден астам құжатқа қол қойып, соның арқасында көптеген бағыт бойынша әріптестік дамып келеді. Басымдық экономикалық салаға беріліп отыр. Дегенмен, бауырлас елдердің рухани байланысы да маңызды. 

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Соңғы жылдары мемлекетаралық ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен әрдайым байланыстамын. Біз елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы үнемі пікір алмасамыз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеміз.

 САГИБА ГАФАРОВА, ӘЗЕРБАЙЖАН МИЛЛИ МӘЖІЛІСІНІҢ СПИКЕРІ:

Ассамблеяның жұмысына атсалысқанымызға өте қуаныштымыз. Қазақ халқының рухани орталығы – Түркістанда болған екі күн ішінде, онда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға куә болдық. Көргеніміздің бәрі бізді қатты тамсандырды. Әзербайжан мен Қазақстан бауырлас мемлекеттер. Бізді түркілік тамырымыз, ортақ мәдениетіміз бен дәстүріміздің ұқсастығы сияқты көп дүние біріктіреді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:17, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
17:15, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
20:33, 25 қараша 2021
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...