ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫҒА БАРДЫ

20:31, 25 қыркүйек 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Мұнда президент жаңа аурухананы ашып беріп, индустриялды аймақты аралады. Дағдарыстан шығудың жолын айтып, өлім жазасын жоюға қатысты мәлімдеме жасады. Әрі әлемді жайлаған індеттің екінші толқынына дайын болу жөнінде тапсырма берді. Досжан Маратұлы ретімен айтсын.

Әу баста бұл жерге психо-неврологиялық диспансер салу көзделген еді. Бірақ коронавирустың өршуіне байланысты жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы тұрғызылды. Су жаңа ғимаратты президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашып беріп, мүмкіншілігін бағалады.500 орынға лайықталған емдеу мекемесінің екі корпусы, 45-і реанимациялық бөлмесі бар. Ковид қайта күш алса, жасанды тыныстандыру аппараты секілді медициналық құрылғылар жеткілікті. Жедел жәрдем стансасы 35 көлікпен толыққан. Дайындықтан өткен дәрігерлер де сақадай сай.

НАРИМАН ТАБЫНБАЕВ, ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Тығыз қоян қолтық жұмыс жасап жатырмыз.Өзіміз де күндіз түні дайындалып жатырмыз. Әрине соғысты дайындалған жеңеді дейді. Соғысқа дайындалған сияқты дайындалып жатырмыз. Құрал-жабдықтар бәрі бар.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Сақтықта қорлық жоқ дейді қазақ. Мына жерде кәсіби мамандар ма бәрі? Жиналды ма? Білімді, білікті адамдар бар ма? -Аурухана салынғанша бәрі дайындалды. -Жақсы онда іске сәт. Бәрі дұрыс болсын әйтеуір. Бәріміз бірге боламыз ғой енді.

Бірге боламыз деп дәрігерлерді жігерлендірген мемлекет басшысы еркінсуге болмайтынын да ескертті. Өйткені шартарапты шарпыған індеттің әлем бойынша екінші толқыны жүріп жатыр. Біз де соған дайын болуымыз керек.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазақтар бекер айтпайды ғой, құлан қырда, құндыз суда деп. Каждый должен заниматся своим делом как маман ретінде. Сарапшы ретінде. Сондықтан баршаңызға амандық тілеймін. Жұмыстарыңыз жемісті болсын. Босаңсуға қазір болмайды. Бәріміз жинақты болуымыз керек. Күрделі жағдайда.

Бұдан соң мемлекет басшысы индустриялды аймаққа ат басын бұрды. 60 кәсіпорынның әзірге 20-сы ғана іске қосылған. Соның бірі-есік терезе шығаратын мына фабрика. 300-ге жуық адам еңбек ететін өндіріс орнының еңбек өнімділігі жылына 475 мың шаршы метр.

СЕРГЕЙ ХРУЩЁВ, КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің кәсіпорында барлығы бір жерде шоғырланған. Шикізат та өзімізден. Елде мұндай жағдайда жұмыс істеп жатқан әзірге біз ғана. Тауарларымызды ірі қазақстандық компанияларға сатып отырмыз. Алдағы уақытта Ресей мен Өзбекстан нарығына шығу жоспарда бар.

Ал бұл корейлік хенде көлігінің зауыты. 28 миллиард теңге инвестиция салынған концернде 350 адам еңбек етеді. Құрастырылған көліктің 70 пайызын ішкі нарыққа, 30-ын экспортқа шығару көзделген.

БЕКНҰР НЕСІПБАЕВ, "ASTANA МОТОРС" КОМПАНИЯСЫ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі кезде 45 Оңтүстік Кореядан келген маман жұмыс істеп жатыр бізде. Біздің мамандарды дайындап жатыр. Сосын әр операциядан кейін әр цехта арнайы бөлінген пост бар, сол постта шығарылған көліктің сапасы тексеріледі.

Ал кәсіпорынды аралап көрген мемлекет басшысы көліктің біріне қол таңбасын қалдырып, индустириялды аймақтағы кәсіпкерлермен кездесті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:|

- Халыққа арнаған жолдауымда кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық бердім. Егер бизнесті өркендетуге мемлекеттік органдар тарапынан шектеу болса, оны еліміздің дамуына қарсы жасалған қылмыс деп санауымыз керек. 

Үкімет пен бизнес қаржылық қиындықты бірігіп еңсеруі керек дейді президент. Стратегиялық жоспарлау және реформалар мен кәсіпкерлікті қорғау

 

Тақырып бойынша материалдар

А. ШПЕКБАЕВ ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНДАҒЫ АШЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
20:35, 26 қазан 2020
А. ШПЕКБАЕВ ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНДАҒЫ АШЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН Т...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ ҚАЙТА БЕКУІ МҮМКІН
20:33, 26 қазан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ ҚАЙТА БЕКУІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...