ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРУДЫ ТАПСЫРДЫ

20:32, 1 маусым 2020

Президент саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев 30-мамыр жариялаған үндеуінде «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін осындай шешім қабылдағанын жариялады. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. Алаш арыстарымен бірге 100 мыңға жуық қазақ қуғын-сүргінге ұшырап, оның 20 мыңнан астамы атылды. Зобалаң жылдардың тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету –  баршамыздың перзенттік борышымыз деген Президент Үндеуінде.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:36, 3 шілде 2020
ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...