Қыркүйек айында елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. Сенат төрағасы Мемлекет басшысына шараға дайындық барысы туралы есеп берді. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жиынға жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы сөз болды. Қазіргі уақытта Парламент 68 заңды қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жолдаған. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болды.