ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

20:31, 30 қыркүйек 2020

Волонтерлік қызмет енді еңбек кітапшасына енгізіледі. Сондай-ақ қайырымдылық шараларға қатысқан жастарға университет пен колледжге түсерде артықшылық беріледі. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік ұйымдар мен бизнес сектордың өкілдерімен онлайн кездесуде мәлімдеді. Президент пандемия волонтерліктің жалпыұлттық сипат алып, әлеуметтік қағидатқа айналғанын атап өтті. Ізгі істің басы-қасында жүрген волонтерлерге қатысты өзге де жаңалықтар келесі бейнематериалда.

Соңғы айларда Алаш үшін асардың мәні артты. Қатарынан әрі төтеннен келген Арыстағы жарылыс, Мақтааралды су басу сияқты сын-сағатта еңсені ел болып көтердік. Алдымен президент осындай кезеңде аянбаған қайырымды жандарға алғысын айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Пандемия кезінде де еріктілер аянбай еңбек етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Олар күндіз-түні дәрігерлермен және тәртіп сақшыларымен бірлесіп, індетпен күресті. Қайырымды жандар ортақ іске жан-жақты қолдау білдірді.  Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қорының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бұл игі бастамаға мыңнан астам азамат қаржылай үлес қосты.

Биыл «Волонтер жылы» болып жариялануы бұл қозғалыс тың серпін берді. Дегенмен, әлі де түйткілдер жоқ емес. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев түсінікті әрі тиімді құқықтық механизмдерді қамтитын Қайырымдылық туралы заң әзірлеуді тапсырған еді. Әрі волонтерлік қызмет еңбек кітапшасына енгізіліп, оқу орнына түсерде басымдық беріледі. Сондай-ақ президент волонтерлік ұйымдарға заң жүзінде шынайы мәртебе беруді жүктеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді ұзаққа созбаған жөн. Біз қайырымдылықты және волонтерлік қызметті барынша қолдайтын боламыз. Оның мемлекет пен қоғам үшін маңызы зор екені сөзсіз.

Қайырымдылық пен бірліктің маңызы зор екенін қауіпті дерт дәлелдеп берді. Елде төтенше жағдай жарияланып, вирус өршіген сәттерде қол ұшын созған волонтерлар халықтың ықыласына риза болып отыр. 

КОНСТАНТИН АВЕРШИН, «МЕН АЛМАТЫЛЫҚПЫН» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Алматылықтар үнемі алда жүреті. Бұл жолы да алматылықтар ағайындық танытып, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік қоржындарын, медицианалық мекемелерге құрылғылар жеткізіп бердік. Ал дәрігелерлерді ыстық тамақпен, қорғаныш құралдармен қамтамасыз еттік.

Әлем де қайырымдылық құтқаратынын мойындап отыр. Сондықтан мемлекет басшысы күні кеше ғана БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық күнін жариялау туралы ұсынды. Президент бұл бастама қолдау табатынына үмітті. Ал еліміз халықаралық үрдістен қалыс қалмай, волонтерлықты одан әрі дамыту үшін бизнесті де тартуды жөн санайды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бүгінде қайырымдылық жобаларға бағытталған ірі бизнес табысын 3% және шағын және орта бизнес табысын 4% көлемде салықтан босату заңнамалық тұрғыда қарастырылған. Бірақ шағын және орта бизнес бұл жеңілдіктерді пайдаланбай отыр. Яғни, қазіргі жағдай оларды ынталандырмай жатыр деген сөз. Талдау жасап, осы бағытта жұмыс істеу керек. Бизнестің қайырымдылыққа қаржы аударуы  ыңғайлы әрі тиімді  болуы тиіс.

Волонтерлық қызметтің дамуын тежеп тұрған түйткілдерді осы  істің басы-қасында жүрген түрлі ұйым өкілдері де айтып қалды. 

НАРГИЗАМ МАХМУДОВА, ВОЛОНТЕР:

- Жеке өзім барлық аймақтарда Қазақстанның түкпір-түкіпірінен волонтерлардың ресурстық орталықтарын ашсақ деген ниет білдірдім. Сонымен қатар корпоративтік волонтерлықты дамыту жайында. Бұны мемлекеттік деңгейде қолға алсақ деген ұсыныс жасадым.

Президент волонтерлер айтқан ұсыныс-тілектер қаралып, сараланатынына сөз берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасап, волонтерлік қызметті қолдау бағытында үлкен міндеттер тұр. Жалпы, волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да жалғаса береді. Өйткені волонтерлік –ізгіліктің қозғалысы, мемлекеттің алдына қойып отырған мақсаттарына, халықтың мұң-мұқтажына қарай бағытталған рухты көтеретін қозғалыс.

Осынау миссиясы зор волонтерлердің еңбегі онлайн кездесуде марапатпен еленді. Бірқатар азамат пандемия кезінде атсалысқаны үшін «Халық Алғысы» медаліне ие болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:18, 26 қазан 2020
«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СҚО – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ АЗ ӨҢІРЛЕРДІҢ БІРІ
13:04, 26 қазан 2020
СҚО – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ АЗ ӨҢІРЛЕРДІҢ БІРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...