ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

17:17, 21 шілде 2022

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кеңесіне қатысу үшін, Қырғызстанға барған Президенттер кеше бейресми кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Ыстықкөлде теплоходпен серуендеді. Тараптар елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму барысын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты. 

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды. Президенттер арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойынын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнер көрсетті. Ал «Қолөнершілер» аллеясына шеберлер жасаған бұйымның сан түрі қойылған. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі бүгін өтеді. "Саммит қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжатқа қол қойылады" деп жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар