ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ӨТІП ЖАТЫР

17:21, 21 қыркүйек 2021

Елімізде қыркүйектің 1-нен бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды. Байқауға 35 жасқа дейінгі жоғары білімді, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес ҚР-ның кез-келген азаматы қатыса алады. Бүгінгі күні 119 солтүстікқазақстандық өтінім берген екен.

Президенттік жастар кадрлық резервіне алғашқы іріктеу 2019 жылы өткізілді. Басты мақсат мемлекеттік қызметке ойлары ұшқыр, білімді де талантты жастарды тарту. Топ 300-ге кірген жастар 3 жыл резервте болады. Осы уақыт аралағында мамандар мемлкеттік лауазымға тағайындалуға құқылы. Қыркүйектің 1-нен 119 солтүстікқазақстандық өз бақтарын сынау үшін өтінім беріп үлгерген.

ЖАНАТ ЖҰМАБАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен регламенттелген. Құжаттарды қабылдау қыркүйектің 30-ы аяқталады. Кейін жастардың қабілеттерін тексеріп анықтау үшін қазан айында 5 кезеңнен өтеді. Қазіргі таңда 119 солтүстікқазақстандық өтінім беріп үлгерді. Әсіресе, Ақжар, Уәлиханов, Қызылжар аудандарының жастары өте белсенді.

Биыл Президенттік жастар кадрлық резервіне өтем деушілердің  мемлекеттік тілді білу деңгейі тексеріледі. Ол өз кезегінде ұлттық стандарттарға сәйкес орташа деңгейден төмен болмауы тиіс. Бұдан бөлек іріктеу кезеңіне қатысушылар ситуациялық есептерді шешіп, құзыреттілік сұхбаттан өтулері тиіс. Осылайша жастардың білім тереңдігі, сараптамалық ойлау қабілеті және тапқырлығы бағаланады.

ГҮЛМИРА ҚАСИЕНОВА, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ :

- Осыған байланысты іріктеу кезеңдеріне ахуалдық міндеттерді шешу және және құрылымдалған мінез-құлық сұхбаты сияқты бағалаудың жаңа құралдары енгізіледі. Президенттік резервтен тағайындау саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және «Б» корпусының басшы лауазымдарына көзделеді.

Өтінім беру үшін барлық қажетті ақпаратты «Pkrezerv.kz» онлайн-платформасынан алуға болады. Ал барлық 5 кезеңнен сүрінбей өткен үміткерлер кадр резерві бойынша ұлттық комиссиямен жеке әңгімелесуден өтеді.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ
20:38, 27 қазан 2021
ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...