ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

20:31, 3 қараша 2021

1 мың адам бостандыққа шығады. Бүгін депуттатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық жариялау туралы заң жобасын мақұлдады. Жалпы елде 30 мыңдай сотталған азамат бар. Түрмеден босайтын және жазасы жеңілдейтіндер кімдер? Нысаналы Ығыл тарқатады.

Бұл тоғызыншы амнистия. Артықшылығы әлеуметтік осал санаттағыларға жеңілдік көптеу. Ардагерлер, егде кісілер, І және ІІ топтағы мүгедектер еркіндікке шығуы мүмкін. Қоғамға қауіп төндірмейтіндер де сол қатарда. Заңда кәмелет жасына толмағандар да ескерілген. Бірақ, оларға бостандық бұйырмапты. Қазір Алматыдағы абақтыда 52 жеткіншек отыр. Тек 12-сінің жаза өтеу мерзімі қысқартылуы мүмкін. Жалпы, құжат бойынша тым ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар кешірім алады. Ал, кейбір аса ауыр қылмыстар үшін тек жаза мерзімін қысқарту көзделген.

ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Алдын ала есеп бойынша 2236 сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалады. Біріншіден, 1000-ға жуық адам бостандыққа шығады, сондай-ақ, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады. Екіншіден, жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту 1294 сотталған мен пробация қызметінде есепте тұрған адамға қолданылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі іс жүргізудегі 5000 қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1674-тен аса адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға қатысты жаза мерзімін қысқарту немесе босату жөніндегі ережелер қолданылады.

Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес аса қауіпті қылмыс жасағандар рақымшылықтан үмітсіз. Олардың қатарында жеткіншектерге зәбір көрсеткендер, кісі өлтірушілер мен экстремистер және қылмыстық топтардың бұрынғы мүшелері бар. Ал, жемқорлықпен істі болғандар ше?

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Тәуелсіз ел тарихында бұған дейін 8 рет рақымшылық жасалды. Оның төртеуі егемендік күніне орайластырылды. Ең көп босап шыққандар саны 1996 жылға тиесілі. Ол кезде 11 мыңдай адам түрмеден шықса, 2400-ге жуығының сотталу мерзімі қысқартылды.

Нысаналы Ығыл, Советхан Жағиев «ҰА»

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ЖОЮДЫ ҰСЫНДЫ
20:34, 27 қаңтар 2022
СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН...
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:33, 27 қаңтар 2022
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
20:32, 27 қаңтар 2022
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...