ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ

20:34, 16 мамыр 2022

Өңірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлік Тайжанов келді. Мәжілісмен аудандарды аралап, тұрғындармен кездесіп жатыр. Мақсат - алдағы референдумның маңызы және Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мән-жайы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ерлік Серікбайұлы Мамлют ауданында болып, жергілікті халықпен жүздесті. Әріптесім Нұрбол Балғабековтің бейнематериалы.

Ең алдымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлік Тайжанов «Аманат» партиясы Мамлют аудандық филиалының актив мүшелерімен кездесті. Бас қосуда халық қалаулысы алдағы референдумның маңызына тоқталды. Оның нәтижесінде Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілмек. Енді Президенттің өкілеттігі қысқарып, Парламент пен Мәслихаттардың рөлі күшейеді. Конституциялық сот құрылады.

ЕРЛІК ТАЙЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

«Бұрындары Президент келіп, әкімді тағайындап кеткен болса, қазір енді Мәслихат жергілікті жерде кемінде екі адамнан тағайындайтын болады. Бұрындары депутатты сайлап, Мәслихатқа Мәжіліске содан кейін 4-5 көрмейтін кездер болған болса, қазір егерде сайланған депутат дұрыс жұмыс істемейтін болса немесе оның істеген жұмысына біздің сайлаушылар көңілі толмайтын болса, онда сайлаушылар ол депутатты қайта шақырып алуларына құқылы.»

Бұдан кейін Ерлік Тайжанов Мамлют ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында референдумнан кейін халықтың өмір сүру сапасы жақсы жаққа өзгеретінін айтып, жиналғандардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Мамлюттіктер ел үшін аса маңызды саяси науқанды қолдап отыр.

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Халықтың тұрмысын жаңарту керек. Бұрыңғы істелінбей қалған жұмысты қалдырып, алға жаңа жолмен жүріп, жаңа Қазақстан дейді ғой, сол Президенттің бағдарламасын қолдау керек. Олбәрі бізге түсінікті. Тек қана дауыс беріп, содан кейін бәріміз жұмыс атқару керек. Арамыз бірлік болып, бірге жұмыс істеп, алға қазақстан дейді ғой қазір, біз енді ардагерлер оған үлгі болуымыз керек жастарға.»

Айта кетейік жалпыхалықтық референдум 5 маусымда өтеді. Оған 18 жасқа толған ел азаматтары қатыса алады.

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:35, 4 шілде 2022
ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
20:34, 4 шілде 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 4 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...