Конституциядан Тұңғыш Президент туралы норма түбегейлі алынып тасталады. Бүгін сенат референдумға қатысты заңға түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарды. Ал, бұған дейін конституцияда "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деген норманы ғана қалдыру ұсынылған еді. Бірақ, конституциялық кеңес Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі онсызда бәріне белгілі деген ұстанымда. Соған байланысты республикалық референдум туралы заңның 3-ші бабында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесін өзгертуге қатысты шектеу алынып тасталады. Яғни, халыққа ұсынылатын конституциядағы 33 бапты өзгертуде аталған норма болмайды.
ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- Қайтадан қарап заң жобасын мемлекеттің тәуелсіздігін, республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын оны басқару нысанын, сондай-ақ республикалық қызметін түбегейлі қағидаттарын өзгерту деген редакцияда қабылдап, оны мәжіліске жіберді.