Конституцияға енгізілетін өзгертулер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ғана емес, мемлекеттік аппарат қызметіне де елеулі серпін береді. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай осылай деді. «Референдум – жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам» деп аталған жиында 14 өңірден келген заң консультанттары бас қосты. Олар Конституциялық соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлінің күшеюі секілді маңызды өзгертулерге қатысты қолдау білдірді. Заңгерлер осыған дейін жер-жерді аралап, халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
СЕРІК АҚЫЛБАЙ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Референдум туралы айтатын болсақ, Өз конститутциялық құқықтарыңызды қолдаңыздар,. «Жаңа Қазақстан», «Екінші Республика» құрамыз десеңіздер, әлеуметтік жағдайы халықтың көтерлсін десеңіздер әрқайсысының құқығы сақталсын десеңіздер референдумға қатысыңыздар.