ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМҒА 11 МЛН 700 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСУҒА ҚҰҚЫЛЫ

20:35, 6 мамыр 2022

Республикалық референдумға 11 млн 700 мыңға жуық адам қатысуға құқылы. Бұл туралы бүгін орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.  Десе де статистика нақты болуы үшін әр өңірдің әкімі қатысу құқығы бар адамдардың тізімін 15 мамырға дейін учаскелік комиссияға беруі тиіс. Жалпы, Референдум толық өтуі үшін, дауыс беруге құқылы азаматтардың тең жартысы қатысу шарт. Тек Қазақстанда ғана емес, 51 мемлекетте арнайы учаскелер жұмыс істейді. Отандастарымыз шетте жүріп ақ референдумға қатыса алады.   Ал бюллетенде конституциядағы өзгерістерді қолдаймын немесе  қолдамаймын деген пікіріңізді білдіру үшін "иә" немесе "жоқ" деген екі нұсқаның бірін таңдайсыз. Дауыс беру кезеңінде эпиджағдай ушықса «Ашық қосымшасы» қолданылады. Орталық Сайлау комиссиясы бүгін Референдумның өту тәртібін бекітті.

КОНСТАНТИН ПЕТРОВ, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Референдум  1995 жылғы  2-қарашадағы "Республикалық Референдум туралы" конститутциялық заң тәртібіне сай ұйымдастырылады.   Жоспарға сай 15-мамырға дейін комиссиялар мен сайлау учаскелері құрамының тізімдері жарияланады. Ал 16-25 мамыр аралығында комиссия дауыс беру орны, уақыты мен күнін хабарлайды. Референдумға шет мемлекеттен бақылаушылар қатыса алады. Тек аккеридтация 30-мамырға дейін өткізілуі тиіс.

РЕФЕРЕНДУМДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ БЕКІДІ

Заң нормалары бойынша үгіт-насихат жүргізуге рұқсат етіледі. Ол референдум туралы жарлық енгізілген сәттен басталып, 4 маусымда яғни тыныштық күніне дейін аяқталуы тиіс. Ал анонимді түрде үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.  Барлығы ашық болуы тиіс. Референдум 5 маусымда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, қаулымен бекітіледі. Комиссияның қорытынды туралы есебі дауыс беруден кейін 7 күн ішінде жариялануы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:35, 4 шілде 2022
ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
20:34, 4 шілде 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 4 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...