ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:33, 20 маусым 2022

Ұлттық қордан алынатын ақша, қорға мұнайдан түсетін кірістерден аспауы тиіс. Биылдан бастап кепілдендірілген трансферт көлемін айқындаудың осындай жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл туралы былтырғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында есеп берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Есеп комитеті Ұлттық қордан алынатын ақша сомасы ұлғайғанын ескерткен. Қаржы министрінің айтуынша, трансферттердің өсуі - әлеуметтік міндеттемелерді, дағдарысқа қарсы шараларды, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру қажеттілігіне байланысты болды. Сондай-ақ, Ұлттық қордың ақшасы пандемия жағдайында экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдауға да жұмсалған. Енді Ұлттық қорда ақшаны көбірек жинау үшін тың тәсілдер қолданылады. 

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

- Ағымдағы жылдан бастап кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындау контрциклдік бюджет қағидаларына негізделетін болады. Жаңа тәсілдерге сәйкес Ұлттық қордан бюджетке алынатын қаражат мұнай секторынан түсетін қор кірістерінен аспайтын болады. Сондай-ақ, бюджеттің шығыстарына да шектеу қабылданды. 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар