ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САНЫ 50%-ҒА ҚЫСҚАРТЫЛАДЫ

20:31, 24 қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» ұжымының тең жартысы қысқартылады. Қор қызметкерлерінің саны 248-ден 124-ке азаяды. Ал, басқарушы лауазымдар саны 10-нан 5-ке дейін, құрылымдық бөлімдер болса 27-ден 18-ге дейін кемітілмек. «Кеңесші» қызметтері атымен жойылып, қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ қорға қарасты бірқатар компания басшыларының уәкілеттіктері де мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

 Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына Инвест» серіктестігі басшысы Аслан Сұлтанов, «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаев, «Самұрық-Қазына Контракттың» бас директоры Алмас Ақылов және «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» серіктестігінің бас директоры Серікбек Елшібековпен еңбек қатынастарын тоқтату келісілді. Ал, Президент сынға алған қордың мемлекеттік сатып алуларына қатысты да жаңа ережелер ұсынылып отыр. Енді ол қаржы министрлігі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Атамекен» ұлттық палатасында қаралады. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
20:33, 30 маусым 2022
ҚОРҒАНЫС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ЖӘНЕ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ 127 ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАДЫ
20:31, 30 маусым 2022
МӘЖІЛІС ЖӘНЕ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ 127 ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...