ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

САУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТЫП, ЭКСПОРТТЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ КЕРЕК

13:01, 25 қараша 2021

Ішкі саудада инфрақұрылымның дамуы баяу.  Қоймалар аз.  Жалға алу және жылжымайтын мүлік нысандары мен коммуникациялар жүргізу құны қымбат. Бүгін сенатта өткен үкімет сағатында депутаттар ішкі-сыртқы сауданың әлеуетін бағамдады. Сыртқы нарыққа қатысты бірқатар сын айтты. Ішкі базарларды сапалы әрі отандық өніммен толтыру мәселесін көтерді.

КСМ: Сауда арқылы ішкі нарықты қарық қылып, сыртқы нарықты бағындырып отырғанымыз шамалы. Экспорт әлі түрленбеген. Тең жартысы шикі мұнай мен мұнай өнімдері. Бірақ, импорт сан алуан. Сырттан көбіне өңделген тауарлар мен дайын азық-түліктер келеді. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдары да жетіп артылады. ЕурАзиялық одақпен сауда жасайтын жеке кәсіпкерлер де жетісіп жүрген жоқ. Сертификат сергелдеңі тағы бар.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Басқа елдерде, оның ішінде ЕАЭО елдерінде біздің сертификаттар мойындалмай, отандық нарықта техникалық реттеумен байланысты проблемалар орын алып, "күмәнді" сертификаттардың үлесі басым болып тұр. ЕАЭО елдерінің аумағы арқылы қазақстандық тауарлардың экспорты мен транзитіне шектеу де бар.

Мәселе министрге мәлім. Біздің тарап тез бұзылатын тауарларға арнап сериялық өнімдер сертификатын әзірлеген. Сондай-ақ одаққа мүше мемлекеттер арасында бірыңғай техникалық реттеу жүйесі жұмыс істеп тұр. Алайда, көрші елге өткенде тағы сертификаттауға тура келетін жәйттер бар.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

Бүгінде көлеңкелі сауда жалпы сауда көлемінің жартысына жуығын қамтып отыр. Құтылу жолы – тауарды таңбалау. Бұл тәсіл бірте-бірте іске асырылуда. Бұдан бөлек азық-түліктің қымбаттауы бар. Бағаны ырыққа көндіру үшін инфрақұрылымды жасау керек.

 СҮЙІНДІК АЛДАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Сауда – ел экономикасының негізгі секторы. Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15%. Салада 1 жарым млн адам жұмыспен қамтылған. Енді дәстүрлі алыс-беріс орнын электронды сауда басып жатыр. Жаңа бағыт болғандықтан салықтық жағын реттеу де басты назарда. Жалпы, бет алыс жаман емес. Alibaba.com алаңына 100 отандық компания кірді. Жыл аяғына дейін тағы 50-і енеді деген жоспар бар. Қатысушылардың қаржылай көлемі – 72 жарым млн долларға жетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
17:18, 3 желтоқсан 2021
10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:15, 3 желтоқсан 2021
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
13:01, 3 желтоқсан 2021
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...