ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУ ЖОЛЫ

20:32, 23 мамыр 2022

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Алдағы референдумда халық жақтап дауыс берсе, Ата заңның 6-шы бабы, 3-ші тармағы осылай жазылады. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Қолданыстағы редакцияда жер және оның қойнауы мемлекет меншігінде болады деп жазылған. Бас құжатқа енгізілетін өзгерістерге сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері лауазымына, Президент екі кандидатура ұсынады. Мәслихат депутаттары дауыс беру арқылы үміткерге таңдау жасайды. Көп дауыс жинаған кандидатты әкім лауазымына Мемлекет басшысы тағайындайды. Бұл 87-ші баптың 4-ші және 5-ші тармағына енгізілетін өзгерістер. Еске сала кетейік, референдум жүзеге асса, 33 бапқа 56 түзету енгізіледі. 2 бөлімнің атауы өзгереді.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Қолданыстағы редакция

6-бап 3-тармақ

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.

ЖАҢА редакция

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар ХАЛЫҚҚА ТИЕСІЛІ. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.

87-бап 4, 5-тармақтар

Қолданыстағы редакция

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды.

ЖАҢА редакция

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Республика Президенті ДАУЫС БЕРУ ӨТКІЗІЛЕТІН КЕМІНДЕ ЕКІ КАНДИДАТУРА ҰСЫНАДЫ. Дауыс беруге қатысқан мәслихаттар депутаттарының көп дауысын алған кандидат келісім алған болып есептеледі. 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:35, 4 шілде 2022
ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
20:34, 4 шілде 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 4 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...