ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

20:33, 21 мамыр 2020

Қазақстанда партия құру процедурасы едәуір жеңілдейді. Бүгін Сенат «Саяси партиялар» және «Сайлау» туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін бұрынғыдай 40 мың емес, 20 мың мүшесінің болғаны жеткілікті. Бұған қоса, партияларды мәжіліс және мәслихат депутаттарына кандидаттардың тізімін жасақтау кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттейді. Қазақстанда 20-29 жас аралығындағы жастардың үлесі 3 миллион шамасында. Олардың тек 53і ғана мәслихат депутаты. Яғни жастардың мәслихаттағы үлесі 1,5 пайыз. Депутаттардың есебінше әйелдер мен жастардың үлесі артқан сайын қабылданған саяси шешімдердің сапасы да арта түседі.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қабылданған заңдар көп партиялық жүйені одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз. Мұндай өзгертулерді демократиялық даму жолындағы нақты қадам деп қарастыруымыз керек. Олар саяси жүйемізді әрі қарай дамытуға үлес қосады деп сенеміз.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТТІК ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТТА МАҚҰЛДАНДЫ
20:36, 28 мамыр 2020
ПАРЛАМЕНТТІК ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТТА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:35, 28 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 28 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар