ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

СЕНАТТА ӨҢІРЛЕР ӨКІЛЕТТІГІН АРТТЫРАТЫН ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

20:37, 11 қараша 2021

Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік саладағы кейбір функциялары министрліктерге, ал олардың бірқатар өкілеті әкімдіктерге берілді. Бүгін Сенатта мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заң қабылданды. Құжатқа енгізілген өзгерістер мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттырады. Жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, Білім және ғылым министрлігіне қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне және олардың мөлшеріне кепілдік беру қағидаларын бекіту қызметі жүктелді. Сыртқы істер министрлігі халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ісіне мониторинг жүргізуге жауапты болды. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың кейбір функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілді. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін қабылданған Заң мемлекеттік басқару жүйесін реформалау аясында жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Заңдағы нормалар мемлекеттік басқару процесін ары қарай жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ осы құжат мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруды көздейді. Бұл өз кезегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейтеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ЖОЮДЫ ҰСЫНДЫ
20:34, 27 қаңтар 2022
СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН...
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:33, 27 қаңтар 2022
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
20:32, 27 қаңтар 2022
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...