ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

СҚО ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:35, 6 сәуір 2021

СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартады.  Алдағы 5 жылға жаңа өндіріс кешендерінің, спорт және тағы басқа көптеген нысандардық құрылысы жоспарланған. Облыс болашағы туралы қоғам өкілдері қандай пікірде? Тілші материалында.

СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары биылғы жылдың наурыз айының соңында Үкіметте ұсынылды. Отырыста сөз сөйлеген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Министрлік мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен бірлесіп, әлеуеті жоғары жобаларды мұқият іріктеу бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрақты жұмыс орындарын ашуға әсер етеді. Өзгерістер бірқатар саланы, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді қамтымақ. Алдағы уақытта 52 сүт-тауар фермасын, 3 бордақылау алаңын, 2 құс фабрикасын, жем зауытын сонымен бірге жылыжай кешенін салу жоспарланған.

ДМИТРИЙ ИЛЬ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ "АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ" КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- «Үлкен қаражат бөлініп жатыр. Нәтижесінде көптеген жаңа жұмыс орындары ашылады. Өңірде ет-сүт өндірісі артады. Біздің жоғары оқу орны ретіндегі міндетіміз, білікті мамандарды даярлау».

Кешенді жоспар 4 бағыттан тұрады. Оларды жүзеге асыру үшін 2 трлн теңге жұмсалады. Оның ішінде 1.4 трлн-ы АӨК, өнеркәсіп, көлік және логистика, кәсіпкерлік және туризм мен спорттағы 64 инвестициялық жобаға бағытталмақ.

ВИКТОР БОНДАРЕНКО, СПОРТ АРДАГЕРІ:

«Көпшілік Петропавлда спорт кешендері көп деп ойлайды. Бірақ, шыны керек, заман талабына сай, республикалық деңгейде жарыс өткізетін спорт сарайлары санаулы. Осы кешенді жоспардың арқасында біз облыстың өскелең ұрпақтарына спортпен кәсіби айналысуға мүмкіндік береміз, әрине, нәтижесі де жоғары болмақ»

Өңірде «CLAAS» ауыл шаруашылығы техникасы құрастырылып, «JOHN DEERE» компаниясының сервис-орталығы ашылмақ. «Ақсоран» және «Баян» вольфрам-молибден кен орындарын игеру жоспарланған. Қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін "Қызылжар"сауда-логистикалық хабын құру да ойда бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:31, 16 сәуір 2021
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДА...
Толығырақ...
500 ҒАЛЫМ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ
20:33, 15 сәуір 2021
500 ҒАЛЫМ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...