ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:31, 16 сәуір 2021

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды. Агенттіктің жаңа басшысы болып Марат Ахметжанов тағайындалды. Ол осыған дейін бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған. Президент агенттіктің жаңа төрағасына бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді.

Алик Шпекбаев агенттіктің төрағасы болып үш жарым жылдай қызмет атқарды. Президент осы уақыт аралығында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтып, алғыс білдірді. Ал жаңа төраға Марат Ахметжановтың құзырлы мекемелерде 30 жылдық тәжірибесі бар.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Әділет министрлігінде, Бас прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды. Кезінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орынбасары болды. Сондықтан мен оны осы лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдадым.

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ТӨРАҒАҒА БІРҚАТАР МІНДЕТ ЖҮКТЕДІ

Мемлекеттің қауіпсіздігі және халықтың әл-ауқаты жемқорлықпен күресте жүзеге асырылатын жүйелі әрі тиімді шараларға тікелей байланысты. Осыған орай, президент агенттік алдына бірқатар маңызды міндеттерді қойып отыр.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық деңгейде тиімді жүргізу үшін кешенді жұмыс атқару қажет. Мұндай шаралар қылмыстық қудалау әре кетімен ғана шектелмеуі керек. Ондай тәсілдің кері әсері болады. Мемлекеттік аппарат шешім қабылдаудан тартынып, бюрократияға бой алдырады және лауазымды тұлғалар жеке жауапкершілік алудан жалтарады.Агенттік жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білуге тиіс. Сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тартуы қажет. 

Сондай-ақ қоғам өкілдерінің белсене атсалысуы және алдын алу шаралары жемқорлықпен күрестің басты құралына айналуы керек.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазіргі таңда менің тапсырмам бойынша «Қоғамдық бақылау туралы» заң дайындалып жатыр. Бұл құжат мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, белсенді азаматтарға құқықтық бақылау құралдарын береді. Осы заң жобасының әлеуетін барынша пайдаланып, қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет. 

Заңсыз жолмен ақша мен мүлікті иеленгендерді іздестіріп, тәркілеу ісіне баса мән беру қажет. Президент осы жұмысты ширатуды тапсырды. Бұл жұмысты Агенттік қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп атқарады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Менің тапсырмам бойынша қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізіліп жатыр. Мұндай модель айыптаушылық ұстанымды бәсеңдетіп, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайды. Агенттікке өз қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеуді тапсырамын.

Қоғам, бизнес және инвесторлар сыбайлас жемқорлық қысымынан сақтайтын мықты қорған бар екенін сезінуге тиіс. Ал бұл агенттіктің мойынындағы негізгі міндет. Мемлекет басшысы жұмыстың тиімді боларына сенім білдірді. Сенімге селкеу түсірмеу тынымсыз еңбекті, ілкімді іскерлікті талап етеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
13:01, 17 мамыр 2021
АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ФИН ЕЛІМЕН БІРЛЕСКЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ӘЛЕУЕТІ МОЛ
20:35, 14 мамыр 2021
ФИН ЕЛІМЕН БІРЛЕСКЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ӘЛЕУ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:33, 14 мамыр 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...