ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ

20:38, 27 қазан 2021

Тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыс орталығында «Жергілікті бюджеттердің мемлекеттік аудит жүйесіндегі тексеру комиссияларының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Іс - шара одан әрі дамуға, өзара тәжірибе алмасуға жаңа серпін береді, - дейді ұйымдастырушылар.

Тексеру комиссияларының көп жылғы және дәйекті жұмысының нәтижесі олардың рөлінің едәуір өсуі, функциялары мен өкілеттіктерінің кеңеюі, оның ішінде операциялық бақылаудан тиімділік аудитіне, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитіне көшу. Әсіресе, мамандар кадрлардың біліктілігін халықаралық деңгейде арттыруға ерекше көңіл бөледі. Барлық мемлекеттік аудиторлар оқудан сәтті өтіп, "cipfa Public Auditor" (сипфа паблик аудитор), "DipIPSAS" (Дип ипсас) халықаралық біліктілігі бойынша сертификаттар алды.

ТІЛЕГЕН ҚАСКИН,  СҚО ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

  •  Біз қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыс аудандарында және қалада әкімдердің, әкім орынбасарларының, мемлекеттік органдар басшыларының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Тексеру комиссиясы "Nur Otan" партиясының аудандық филиалдарында азаматтарды қабылдайды.

Соңғы үш жарым жылда тексеру комиссиясы  58 аудиторлық іс-шара өткізді. 8 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық заң бұзушылықтарДЫ анықтады. Қабылданған шаралардың арқасында осы уақыт аралығында  жергілікті бюджетке 1,4 млрд теңге түсті. Пилоттық режимде салықтық әкімшілендіру тиімділігінің электрондық аудиті жүргізілуде. Ол барлығы 6 салық органында жүргізілді, 268 млн теңгеден астам сомаға қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

  • Осы жылы қыркүйектің 30-ы Қазақстан мен Ресейдің 17-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда екі мемлекеттің көшбасшылары елдегі интеграциялық процестердің дұрыстығын тағы бір рет көрсетті. Бұл өңірлеріміздің арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға сеп болды. Бүгінгі іс-шара да алдағы уақытта нәтижелі әрі өнімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.  

Тексеру комиссиясының жұмысы қаржылық заң бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ қаржылық тәртіпті жақсартуда заңнаманы жетілдіруге де бағытталған деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
17:18, 3 желтоқсан 2021
10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:15, 3 желтоқсан 2021
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
13:01, 3 желтоқсан 2021
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...