ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҰБТ-2020: ТЕСТ ТАПСЫРУҒА 4 САҒАТ БЕРІЛЕДІ

20:31, 2 маусым 2020

Биыл ҰБТ  тапсырауға 4 сағат беріледі. Тестілеу уақыты былтырғымен салыстырғанда 10 минутқа ұзарып отыр. Ұлттық біріңғай тестілеудегі жаңашылдықтар мен оның қалай өтетінін бүгін Білім министрі Үкімет отырысында баяндады. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, биыл түлектер алғаш рет тест тапсыратын ғимаратқа Face ID, яғни бет әлпетті танитын құрылғы арқылы кіргізеді. Сондай-ақ педогогикалық мамандыққа түсу үшін, бұрын межелі балл 60 болса, енді 70 бал жинау керек. Ал тестілеудің форматы өзгермейді. Тек коронавирусқа байланысты сақтық шаралары күшейтіледі. 

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ :

- Барлығы биылғы жылы 131755 адам тест тапсыратын болады. ҰБТ бекітілген мерзімде яғни 20-маусымнан 5-шілдеге дейін 15 лекпен санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 ҰБТ пунктінде өткізіледі. 

Сондай-ақ Үкіметте жұмыспен қамту бағдарламаларының қалай іске асып жатқаны қаралды. Жоспар бойынша биыл 1 млн 200 мың адамды жұмыспен қамту көзделген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша биыл 184 мың адам «Еңбек», ал 196 мың адам жол картасы арқылы жұмысқа орналастырылған. Бұл көрсеткішті артттыру керек дейді Біржан Нұрымбетов. Өйткені жыл соңына қарай жұмыссыздық деңгейі өсуі ықтимал. Сондықтан премьер-министр көрсеткіші төмен аймақтарды сынға алып, жұртты жұмыспен қамту мәселесінің бірінші орында екенін ескертті. 

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ :

- Маңғыстау және батыс Қазақстан облыстары шағын несие беру бойынша нашар жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік орындарда жұмысқа орналастыру және жастар практикасы бойынша жұмыс ұйымдастыру ең төменгі деңгейде. Бұл әкімдіктердің жеткіліксіз жұмысының нәтижесі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:36, 3 шілде 2020
ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...