ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРТТЫРУ ПРЕЗИДЕНТ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

20:30, 6 маусым 2022

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Фейсал бен Фархан әл Сауд кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақты нығайтуды талқылады. Осы ретте президент ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, туризм, тау-кен металлургиясы және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы инвестициялық мүмкіндіктердің бар екені айтылды. Бұл ретте  Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңестің жұмысын жандандыру маңызды. Сондай-ақ тиісті келіссөздерді жүргізу үшін өкілетті үкіметтік делегацияны Эр-Риядқа жіберуге дайын екенін айтты. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Елдеріміз ортақ құндылықтарға негізделген саяси диалогты достық пен өзара сенім рухында дәйекті түрде дамыта береді. Қос киенің сақшысы Король Салман бен Әбдел Әзизбен және Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен арадағы табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенімізді білдіремін.

ФЕЙСАЛ БЕН ФАРХАН ӘЛ САУД, САУД АРАБИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-  Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сауд Арабиясы Корольдігі Сіздің басшылығыңызбен Екінші Республиканы құру ісінде және Қазақстанның одан әрі өркендеуіне бағытталған ауқымды реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруда табыс тілейді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар