ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЗАҢ КӨМЕГІН ТЕГІН АЛУҒА МҮМКІНДІК КЕҢЕЙЕДІ

20:31, 2 маусым 2022

Заң тұрғысынан тегін көмек беру тетіктері жетілдіріледі. Бұған мемлекет кепілдік беріп отыр. Сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау да күшейтіледі. Бүгін сенатта осыларды реттейтін құжат қабылданды. Заң жобасы әсіресе халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына үлкен қолдау. Өйткені, кез-келген заңға қатысты кеңес тегін беріледі. "Алдағы уақытта осы норма арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады", - дейді сенаторлар. Жалпы, құжатта уәкілетті орган, сараптама ұйымы және соттарда сенім білдірілген өкілдер институтын жетілдіру көзделген. Ал, заң кеңесшілері мемлекет кепіл болатын көмек көрсету жүйесіне енгізіледі. Бұдан бөлек Парламентте зияткерлік меншік туралы да заң жобасы мақұлданды. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Заңда зияткерлік меншік құқықтары мен өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту мәселесі қарастырылған. Заңда ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелердің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты нормалар да бар. 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар