ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

20:36, 25 қараша 2019

Аққайың ауданында биыл ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Бұдан басқа 12 мектеп және ауыл аралық жолдар күрделі жөнделген. Облыстық орталық коммуникациялар алаңында аудан әкімі Рүстем Елубаев биыл атқарылған жұмыстар жайында айтып, келер жылдың жоспарларымен бөлісті. 

Аққайын ауданында егістік алқаптарының аумағы 203.9 мың гектарды құрайды. Биыл диқандар бидайдың әр гектарынан 20 центнер, ал майлы дақылдардың гектарынан 9 центнерден өнім жинады. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ісі де жақсы жолға қойылған. Аудан басшылығы ауыларалық жолдардың сапасына  аса мән береді. Биыл аудан жолдарының басым бөлігі жөнделген.  

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыстық бюджттен ауданның жолдарын жөндеуге 159,6 млн теңге бөлінген. Оның 4,9 млн теңгесіне Рублевка селосына апаратын жол, 9,5 млн теңгеге Тоқшынның,  26,2 млн теңгеге Ленинское елдім мекенінің жолдары қайта төселді. Бұдан басқа Добровольское мен Черкасское ауылдарының арасындағы жол жөнделді. 

Әр салаға аудан әкімі жеке-жеке тоқталды. Биыл ауданның 12 мектебі күрделі жөндеуден өткен. Елді-мекендерде бала мен ана өлімі тіркелмепті. Аққайын ауданының емдеу мекемелеріне 7жас маман келіп, жұмыс істеп жүр. Азаматтарды баспанамен қамту мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Құрылыс жұмыстарына 2,1 млрд теңге жұмсалды. Бүгінге дейін баспананың 2315 шаршы метрі қолданысқа берілді. Жалпы биыл 4800 ден астам шаршы  метрді  іске қосамыз. 

Қазіргі таңда Аққайын ауданында  19 мыңға жуық  тұрғын бар. Оның 14 мыңға жуығы  тұрақты жұмыспен қамтылған.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...