ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Бір тәулікте 578 адамды қар құрсауынан құтқарылды

13:08, 21 ақпан 2017

Өткен демалыс күндері облыс жолдарында 578 адам құтқарылды. Оның 93-і бала. Боранда сапарға шыққандар діттеген жерлеріне жете алмай құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша бұл жолы қар құрсауынан құтқарылғандардың саны алдыңғы боранда зардап шеккендерден едәуір көп.

Демалыс күндері жел күшейіп, боран болады, жолдар жабық деген хабарламаны алса да, жолаушылап шыққан жандардың қатары аз болмапты. Ақ түтектің салдарынан жолда қалып қойдық деген алғашқы қоңырау құтқарушыларға 19 -ы күні сағат түскі үштер шамасында келіп түскен.

Желдің екпіні  секундына 30 метрге дейін жеткен. Құрсауда  қалғандардың   көбі ауыл арасындағы жолда тұрып қалғандар. Тіпті көлікті шығарып алуға шыққан қауатты тракторлар да батып, біраз қиындықтар болды. Ақпанның  адуынды бораны осылайша теріскейліктерді  әбігерге салды.   Желдің дүлей күші  Тепличное ауылындағы өртке де себеп болған.    Құрылысы аяқталмаған екі қабатты  үй толығымен жанып кетті.  Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ, ал себебі  мен материалдық шығын есептелуде.

Үй иесінің айтуынша, баспанада ешкім тұрмапты. Бірақ, барлық жарық, жылу желілер тартылған, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілу үстінде болған. 

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...