ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Биыл да облыста баспаналар құрылысы жүргізілмек

15:04, 1 ақпан 2017

«Қолжетімді баспана–2020» мемлекеттік бағдарламасы тұрғындардың барлық санаты үшін қарастырылған. Бүгінде оның көмегіне пәтер кезегінде тұрған кез келген адам жүгіне алады. Өңірде сондай-ақ, былтырдан бері, «Нұрлы жол» бағдарламасы іске асырылуда. Тың жоба аясында Үкіметтің қаржыландырылуымен баспана құрылысы бастау алды. Мемлекеттің қолдауы арқасында жеңілдетілген несиемен 3 көпқабатты тұрғын үйа қолданысқа берілді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын таппақ.

Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Петропавлда 10 көпқабатты үйдің құрылысы басталған болатын. Жыл соңына дейін халық игілігіне 3 баспана берілді. Нәтижесінде 220 пәтер өз  иелерін тапты. Бір шаршы метрдің бағасы 125 мың теңге шамасында. Елбасы қолдауымен іске қосылған жоба аясында биыл тағы 7 тұрғын үйге солтүстікқазақстандықтар қоныстанбақ. Айта кеткен жөн, бұл мақсатқа ұлттық қордан 3 млрд 399 млн теңге бөлінген. Тың бағдарламаның бірінші операторы - «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі».

Биылдан бастап, облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы да жүзеге аспақ. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Оның алғашқысы 2017-2021 жылдарды қамтиды. Солнечный кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйлерге арнайы аумақ бөлініп отыр. Онда жоспарға сәйкес биыл, 1 және 2 қабатты баспаналар тұрғызылмақ.

Айта кеткен жөн, облыста 2012 жылдан бастап, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы  қарқынды жүргізілуде. 2016 жылға дейін халық игілігіне 20 баспана берілді. Бұл  шамамен 1198 пәтер. Дегенмен, қала әкімдігіндегі тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны азаймай отыр. Бүгінде бұл тізімде 13 мыңнан астам азамат тіркелген. Жыл сайын кезек өсуде.

Айта кеткен жөн, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша баспаналы болу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы және пәтер кезегінде тұру шарт. Тың жоба 2019 жылға дейін қарастырылып отыр.

        

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...