ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ

20:35, 26 қараша 2019

Білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қызмет сапасын арттыру, жолдарды жөндеу, халықты әлеуметтік қорғау. 10 айда атқарылған жұмыс және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын Есіл ауданында жүзеге асыру барысы туралы БАҚ өкілдеріне аудан әкімі Алтынбек Абдуллаев айтып берді.

Есіл ауданында егін шаруашылығымен айналысатын  85 ЖШС пен 172 фермерлік және шаруа қожалығы бар. Онда 3 мыңнан аса адам еңбек етеді. Биыл ауданда егін жинау науқаны мерзімінде аяқталды. Бидайдың әр гектарынан 20 центнерден артық өнім алынды. Келесі жылы бұл көрсеткіштерді арттыру қажет, деп атап өтті аудан әкімі.

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бізде дәнді дақылдардың өнімділігін арттыруға барлық мүмкіндіктер бар. Жыл сайын дәнді дақылдардың гектарынан 28-30 центнерден, майлы дақылдардың гектарынан 15-17 центнер  өнім алуымыз қажет. Біз осы көрсеткішке қол жеткізу үшін жұмыс істейміз.

Есіл ауданында 899 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді,онда 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 90 миллион теңге сомасына бір жоба іске асырылды, ал «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша «Петропавл Жолдары» ЖШС 77 миллион теңгеге құрал-жабдықтар сатып алды. Жыл басынан бері ауданда 133 жаңа жұмыс орны ашылған.  

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жыл басынан бері 149,6 млн. теңгеге 40 адам шағын несие алды. 22 жеке кәсіпкерлік ашылды. 18 адам өзінің жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтуге несие алды, олар 24 жұмыс орнын құрды. Шағын несие алушылар қызметінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы. Жыл басынан жаңа бизнес идеяларға 80 грант берілді. Грант алушыларға 24,7 млн теңге төленді.

Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы айырмашылықты жою мәселесі де көтерілді. Ол үшін ең алдымен, бұл білім ордаларын кадрлармен, заманауи және сапалы жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жалпы сомасы 231 миллион теңгеге 8 білім беру нысаны күрделі жөнделді. Бұл Волошинка, Петровка, Чириковка, Торанғұл,Покровка, Явленкадағы № 1 және 3 орта мектептері. Бұдан басқа тағы бірнеше білім мекемесіне 37 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.   

Алтынбек Абдуллаев сондай-ақ ауданда денсаулық сақтау саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып кетті.Биыл аудандық ауруханаға 43 миллион теңгеге жаңа заманауи жабдықтар сатып алынды.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...