ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

20:50, 13 тамыз 2021

Өткен тәулікте өңірде 170 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 144 адамда ауру белгілері бар. Жалпы індет басталғалы бері облыста 19758 адамда вирус анықталған. Олардың сегіз жүзден астамы – бала. 621-і тәуір болса, 218 баланы дәрігерлер  бақылауында ұстап отыр.  

Соңғы екі аптада облыста 2175 адамда коронавирус анықталған.  Бұл көрсеткіш «Дельта» штамының таралуымен және карантин ережелерін сақтамаудан артуда. Тамыз айында ғана мектеп жасындағы 128 балада коронавирус анықталған. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалды. Биыл оқушылар офлайн режімінде оқиды. Сол себепті медицина өкілдері балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналарын вакцина алуға шақырады. Мектептердің дәстүрлі түрде оқуға дайындықтары да тексеріліп жатыр. Жалпы індет басталғалы 839 бала коронавирус жұқтырған. Оның 621 індеттен айыққан. 218 бала медицина қызметкерлерінің бақылауында.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда инфекциалық стационарда 22 бала ем-дом алып жатыр. 196 бала амбулаторлық  ем алуда. Бұрын балаларда коронавирустың белгілері көбінесе болмайтын немесе жеңіл өтетін. Қазір олардың да дене қызуы көтеріледі, өкпелері қабынып, демалулары қиындап, ауырып түседі.

Облыста осы күнге дейін 7857 нысан Ашық жобасына қосылды. Нәтижесінде қосымшаның көмегімен кешегі күнге дейін «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 237 адам анықталған. Олардың  қоғамдық орындарда алаңсыз жүргені анықталды.    

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Анықталған адамдардың 116 «қызыл» ал 121 «сары» мәртебесі бола отыра қоғамдық орындарда болған. Бұл адамдарға карантин ережелерін сақтау жөнінде ескерту берілді. 150 адамға әкімшілік материал дайындалды. 28 талапты бұзушыға әкімшілік материал толтырылып, орындау үшін аумақтық басқармаға жіберілді. 8 адамға айыппұл салынды. Ол толық төленді, айыппұл мөлшері 218 мың теңге.

 Соңғы 3 аптада инфекциялық стационарларда төсек орны  4,5 пайызға артқан. Реанимациялық бөлімдерде 48 науқас жатыр. Оның 11-і аса ауыр халде. Облыста шілде айы мен тамыз айының басында 39 адам індеттен көз жұмған. Оның біреуі бала. Амбулаторлық ем алып жатқандар саны 1844.

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...