ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ

21:13, 26 сәуір 2018

Жылдың басынан 8 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке, тағы біреуі әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті  жетекшісінің сөзінше, облыс бойынша 538 мемлекеттік органда, 5 мыңға жуық қызметкер жұмыс атқарады.Жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарда 33 қызметкер ауысқан. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлерді жемқорлыққа итермелейтін басты себеп, жалақының аздығы дейді. Брифинг барысында қоғамдық бақылау картасына қатысты ақпарат  айтылды. Наурыз айының басынан бастап ұялы телефонға 3 қоңырау, 12 қоңырау Департаменттің байланыс орталығына түсті. Барлық өтініштерге тиісті түсініктемелер берілген. Айта кету керек, жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында біраз жұмыс атқарылған. Облыстың мектептерінде 497 «Адал ұрпақ» клубы ашылған, Оларға облыстың 71 мыңға жуық   оқушысы мүшелік етеді. Мың жарымнан астам іс-шара ұйымдастырылған.

ҒАЛЫМ ТҰРСЫНБАЕВ,  МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

- «Үстіміздегі жылдың 14 наурызында солтүстікқазақстандық  жас ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мақсатында қаланың және облыстың барлық орта және жоғарғы оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырудың жиырма жылдығы» атты бірыңғай ақпараттық сағаттар өткіздік. 70 мыңнан астам адам қамтылды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, брифинг, мемлекеттік қызмет

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...