ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

20:31, 16 мамыр 2018

«QAZAQSTAN» ұлттық арнасының миллиондаған көрермен көз тіккен «MEN QAZAQPYN» мега жобасы биыл да жалғасын табады. Еліміздің барлық облыстарымен қатар, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасын қамтыған дәстүрлі ән, терме мен күй орындаушыларының дүбірлі додасы биыл еліміздің барлық аудандарында өткізіледі. Қасиетті Қызылжар өңірінде іріктеу кезеңі мамырдың 21-і мен маусымның 16 аралығында ұйымдастырылады. Оған 18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады. Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг «MEN QAZAQPYN» мега жобасына арналды.

2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көпшілікке насихаттау мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен облыстық әкімдіктердің қолдауымен «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы «MEN QAZAQPYN» халықаралық мегажобасын өткізді. Оның басты мақсаты атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз ән-терме, күй өнерін  дамытып, насихаттау.    Ауқымды жоба көптің көңілінен шықты.

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Солтүстік Қазақстан облысында іріктеу кезеңі мамырдың 21-і күні Қызылжар ауданынан басталады. Өнерпаздардың сайысын көрермен «Қызылжар» арнасынан көрсетілетін «Мен қазақпын» мега жобасының күнделігінен көре алады. Жоспарға сай, облыстық кезең 16-шы маусым күні өткізілмек. 

БІРЖАН ЕСЖАН, «MEN QAZAQPYN» МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Облыстық іріктеуде жеңімпаз атанған 1 әнші, 1 күйші, 1 термеші республикалық сайысқа жолдама алады. БАрлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, асқан шеберлік танытқан үздік орындаушыға «Жылдың үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың үздік термешісі», «Жылдың үздік күйшісі»  Бас жүлде және лауреат атағы беріледі. «Көрермен көзайымы 2018» аталымы сыйлығының иегері көрермендердің дауыс беруі арқылы таңдалады. «MEN QAZAQPYN» мега жобасы желоқсан айында қорытындыланады.

Эльмира КӘЛЕНОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, мега жоба, Мен қазақпын, брифинг

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...