ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

20:48, 16 тамыз 2021

Өртке қауіпті кезең басталғаннан бері СҚО-да 33 орман, 7 дала және дала алқаптарының 63 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл Тайынша, Айыртау және М. Жұмабаев пен Шал ақын аудандарында өрт оқиғаларының өсуі байқалады. Негізгі себептері - қауіпсіздік ережелерін бұзу және отты абайсыз пайдалану. Сонымен қатар, жайдың түсуінен ормандарда 10 рет өрт шыққан.

6 тамыз күні Аққайың ауданы, Тюменка ауылында жергілікті «Крафт Агро» ЖШС-нің шөп қоймасында өрт шықты. Мұндағы 15 тонна шөптің 5 тоннасы жанып кетті.  Айта кетейік, облыс бойынша өткен аптада шөптің өрттенуіне қатысты 5 факті тіркелген.

ЕРЖАН ШӘРІПОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Өрттің шығу себебі – трактордың құбырынан ұшқынның шығуы. Дәл осы ұшқын шөпке тиіп, өрт шыққан. Бұл былтырғы жиналған шөп. Өрт тез арада сөндірілді. Тұрғындардың естеріне сала кетейік, жем-шөпті шаруашылық нысандарының, қораның төбесіне, электр сымдарына жақын үюге болмайды.  

14 тамыз Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі айлығы бастау алды. Науқан барысында төтенше жағдай мамандары тұрғындар арасында өрт оқиғаларын алдын алу профилактикалық шараларын өткізеді. Орақ науқанына жұмылдырылған барлық жұмысшылар өртке қарсы нұсқаулықтан өтіп, егістік агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, ал ауыл шаруашылығы техникасы ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс.

ЕРЖАН ШӘРІПОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ауыл шаруашылығы мамандары шөпке арналған қоймалар қоршаулы болу керектігін ұмытпағандары жөн. Шыны керек, көбі аумақтарын қоршамайды. Бұл өрттің орын алуына себеп. Сондай-ақ, шөп үйілген жерде, астық қоймасында шылым шегуге болмайды. Көбі осы ережені де елемейді. Өрттің басым бөлігі тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстанбағанынан болады.

Жыл басынан СҚО-да 450 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен 36 адам қаза тауып, 28 адам түрлі дене жарақатын алды. Шығын мөлшері – 174 миллион теңге.

Индира Ахатқызы

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...