ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

20:52, 19 тамыз 2021

Петропавлдың 61 жастағы тұрғыны Ирина Рейбант аштық жариялады. Ол ұлының өліміне қатысты қылмыстық тергеуді қайта бастауды талап етуде.  25 жастағы Анатолий Рейбант 2017 жылы 4 маусымда қайтыс болған. Анасының ойынша ұлын полицейлер ұрған, салдарынан ауыр дене жарақатынан көз жұмған. Бұл мәселе төңірегінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  полиция  өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Анатолий Рейбант 2017 жылдың 4 маусымында үйінде қайтыс болды. Әйелінің айтуынша, ол үйге мас болып келген. Кейін  ішімдікті үйде де ішкен.  Сол күні таңертең сағат 4 шамасында  Анатолий қайтыс болады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2017 жылдың 22 маусымдағы шығарылған қорытындыға сәйкес ол  тыныс алу жолдарының бікетілуі салдарынан яғни механикалық асфиксиядан қайтыс болған. Алайда жәбірленушінің анасы сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен келіспейді. Ол ұлының өлімі оған дейін үш ай бұрын болған оқиғаға байланысты деп болжауда.

ЕҢБЕК СЕМБИН, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Наурыз айының басында оны әкімшілік құқықбұзушылық бойынша полиция қызметкерлері ұстамақ болды. Ол өзінің таныстары мен басқа да куәгерлердің көзінше өзіне дене жарақаттарын салған. 24 сараптама жүргізілді.

2017 жылдың 2 наурызында Петропавл қаласының тұрғыны 102 нөміріне қоңырау шалып, екі ер адам үйінің кіреберісінде алкогольдік ішімдік ішкенін айтқан. Тергеу кезінде белгілі болғандай, олардың бірі бұрын аса ауыр қылмыстар жасағаны  үшін сотталған  Анатолий Рейбант болып шықты.  Күдіктілер уақытша бейімделу және детоксикация пунктіне жеткізілгенде Рейбант бөтелкеніңсынымен өзіне қол жұмасақ болған.

АРМАН  АТАНОВ, СҚО ПД ӨҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Ол өзіне өзі қол жұмсауды тоқтату үшін  полицейлер оған жол бермеудің амалын қарастырған. Бірақ ол бұл әрекетін ода әрі жалғастырып, қатқан жерге басын соға бастаған.  Бұған дейін қылмыс жасауда оның  сыбайласы болған Скатов жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында оны осындай әрекетке  итермелеген және полиция қызметкерлеріне қысым көрсетті.Медицина қызметкерлерінің және Скатовтын айтуларынша полицейлер Рейбантты  ұрмаған.

Анатолий Рейбанттың өлімінен кейін полицейлерге қатысты билік және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін қылмыс болмауына байланысты іс тоқтатылып, одан соң қайта жалғасты. Соңғы рет сотқа дейінгі тергеу осы жылдың шілде айында тоқтатылды. Бұдан соң Анатолийдің 61 ЖАСТАҒЫанасы әділдікке қол жеткізу мақсатында аштық жариялады.

Елена Горбань

Тақырып бойынша материалдар

ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...