ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Техникалық реттеу және метрология департаменті 2016 жылды қорытындылады

17:23, 3 ақпан 2017

Облыстық аймақтық коммуникациялар қызметінде Техникалық реттеу және метрология департаментінің өкілдері Мемлекет басшысының халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауына қатысты өз пікірлерін білдіріп, 2016 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Елбасының биылғы жылғы жолдауы ол «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» негізінде жүзеге асырылмақ. Мемлекет басшысы осы орайда бес негізгі басымдықты айқын көрсеткен. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және дамыған 30 елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.  Президенттің бұл жолдауын бүгін техникалық реттеу және метрология департаменті өкілдері де талқылады.

Жиын барысында сонымен қатар аталмыш департаменттің 2016 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Айталық өткен жылы Техникалық реттеу және метрология департаменті мамандары 61 субъектіге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп,  20-сында талаптардың бұзылғанын анықтаған. Оларға  2 млн 269 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 2 млн 057 мың теңгесі өндіріліп алынған. Сондай-ақ аталмыш департаментке 13 адамнан 15 өтініш түскен. Барлығы да тауарлардың өлшемі қаптамадағы өлшеммен сәйкес келмеуіне байланысты.

Сондай-ақ, аталмыш департамент ұлттық өнімді каталогка енгізу жұмыстары бойынша да бірқатар шаралар жүргізген. Бүгінгі таңда өңіріміздің 54 кәсіпорнының 399 түрлі өнімі Республикалық каталогқа енгізілген.

Соңғы үш жылда Техникалық реттеу және метрология департаменті Ұлттық инфрақұрылым сапасын жетілдіру жөнінде де ауқымды жұмыстар жүргізген. Айталық өткен жылы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына зор үлес қосатын 10  басым бағыт анықталған. Олардың кейбірі  егжей-тегжейлі дамытуды қажет ететін көрінеді.

Брифинг соңында  департамент мамандары  БАҚ өкілдері  тарапынан жолданған сауалдарға жауап берді.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҢ  61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ  ЖАРИЯЛАДЫ
20:52, 19 тамыз 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ 61 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:48, 16 тамыз 2021
ОРМАНДАР МЕН ЕГІСТІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
20:50, 13 тамыз 2021
КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 218 БАЛА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...