ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

36 ТОННА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ТАСЫМАЛДАҒАН КӨЛІК АУДАРЫЛДЫ

20:36, 6 маусым 2022

Тайынша ауданында 36 тонна дизель отыны бар жүк көлігі аударылды. Жол-көлік апаты өткен жексенбі күні сағат 16.20 шамасында Аққұдық ауылына бұрылыстан 10 шақырым жерде болған. «VOLVO» жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып қалған. Апатқа дөңгелектің істен шығуы себеп болуы мүмкін. 36 тонна дизель отынын тасымалдаған Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны  Кішкенекөл ауылынан астанаға жол тартқан. Оқиға жайында полицейлерге бір лекте кетіп бара жатқан жүргізушілері хабарлаған.

Полицейлер өрт сөндірушілермен бірге дизель отынын басқа бензовозға құйылып, машинаны тиегіштің көмегімен жолға шығарды. Сағат кешкі он бірге қарай «VOLVO» Аққұдық ауылына жеткізілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар