ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АҚҚУЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

17:20, 8 қараша 2021

Петропавл маңындағы Соленое көлінде аққулар құтқарылды. Жабайы құстардың су қоймасында қалып қойғандығы туралы құтқарушыларға тұрғындар хабарлаған. Мамандар жылы жаққа ұшып кете алмаған 2 аққудың біреуін мұз құрсауынан босатты.

Данияр Бадиловтың құтқарушы болып жұмыс істеп жүргеніне төрт жыл. Айтуынша, бұл уақытта көлдің бетіне шығу аса қауіпті. Су қата бастағанымен, мұз жұқа. Мәселен қазір оның қалындығы небәрі 6 см ғана. Кез-келген уақытта жарылуы мүмкін. Соған қарамастан құтқарушылар көл бетіне шығып, екі аққудың біреуін құтқарды. Екіншісі ұшып кетіп, қамыстардың арасында жасырынды.  

ДАНИЯР БАДИЛОВ, ҚҰТҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

- Оқиға орнына 6 құтқарушы шығады. Екеуі құстарды жоғарыдан бақылып тұрады,  екеуі құтқаруға шығып, тағы екі маман көмекке дайын тұрады. Мұзға арнайы қайықпен шағамыз, құтқару процесі бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бүгін бір ғана аққуды құтқарсақ, 2017 жылы мұз құрсауынан бірден 16 құсты алып шаққан едік.  

Мамандар мұз құрсауында қалып қойған құстарды құтқарғаннан кейін, аққудың жағдайын байқайды. Еш жарақаты болмаса, қалалық жылу электр станциясының технкалық суы жиналатын каналға, тұрғындар арасында «жылы канал» деп аталатын орынға апарады.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Жылы каналда» қыс мезгілінде су қатпайды. Сондықтан, ол құстардың қыстап шығуына өте ыңғайлы орын. Әдетте мұз құрсауында кеш шыққан, әлсіз, қанаттары бекімеген аққулар қалады.  

Өткен жылы қар түскенге дейін облыстық ТЖД мамандары 11 аққуды құтқарған. Жалпы облыс бойынша құстың төресі аққулардың саны 4 мыңға дейін жетеді.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар