ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

17:26, 27 мамыр 2021

Облыстың су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Білім басқармасы және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі жайында баяндады. Брифинг барысында облыстағы суға кету қаупі  жоғары өзен-көлдер де аталды.

Шомылу кезінде су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім басқармасы ТЖД бірлесіп негізгі іс-шаралар жоспарын құрған. Су объектілерінде балалардың жарақаттануын болдырмау мақсатында 365 сурет кокурсы ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 300-ден астам сынып сағаттарын өткізген. Жазғы демалыс кезінде облыста 97  палаталық лагерь құрылып, сакралды жерлерге экскурсиялар, өлкетану экспедициялары ұйымдастырылады.

ВЛАДИМИР ТКАЧЕНКО, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Назар аударыңыз!», «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері! » тақырыптарында ақпараттық стендтар жасалды. Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.Қалалық және аудандық білім бөлімдерінде балалардың қауіпсіз жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында облыстық мекемелер су айдындарында қауіпсіздік шаралары бойынша ұсыныстар жіберді.»

Соңғы 8 жылда облыста 189 адам суға кетті, оның 27-сі бала. Осы кезеңде 200-ден астам адам құтқарылған. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратовтың айтуынша өкінішке орай халықтың көп бөлігі ережелер мен қауіпсіздік талаптарын елемейтін көрінеді. Әкімдіктің қаулысына сәйкес 12 көлде, Есіл өзенінде орналасқан 58 орын ғана қауіпсіз шомылуға жарамды.  Облыста суға түсуге қауіпті су айдындары - Есіл өзені және Пестрое, Соленое, Лебяжі, Үлкен Тарангүл, Шалқар және Имантау көлдері.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- «Сондықтан, ата-аналарға айтарым: абай болыңыздар, балаларыңызды өзен-көлдерге ересектерсіз жібермеңіздер және жабдықталмаған жағажайларға баруға толықтай тыйым салыңыздар. Демалыста алкогольдік ішімдіктер ішпеңіздер, өйткені балалардың өмірі мен денсаулығы сіздердің тікелей бақылауларыңызға байланысты. Департамент судағы адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында күшейтілген алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр.»

ТЖД қызметі бүгінгі күні судағы жаппай демалу орындарына 600-ден астам рейд өткізген. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 31 бейнеролик және 5000 мыңнан астам жадынамалар мен брошюралар таратқан. «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 6 акция өткізіп, 5000-нан астам әңгіме мен дәріс ұйымдастырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...