ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

БИЫЛ 17 АВТОКӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ

20:38, 3 мамыр 2022

Жыл басынан облысымызда 231 өрт тіркелген. Тілсіз жаудың салдарынан 24 адам көз жұмған, 5 тұрғын жарақат алды, сондай-ақ улы газбен 12 адам уланып қалған, олардың 3-уі бала. Тілшіміз жалғастырсын.

 Өткен аптада Ақжар ауданының Майское ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір әйел м ен 3 ер адам  қайтыс болДЫ. Мамандардың айтуынша, өрт отты абайсыз қолдануДАН ШЫҚҚАН. Жалпы, ӨҢІРДЕГІ өрттердің 77 пайызы жеке тұрғын үйлерде болған.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН,  СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрт көбіне электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, сондай-ақ отты абайсыз пайдаланудан пайда болады. 4 сәуірден бастап облыс аумағында өртке қауіпті кезең басталды. Осы кезеңнің басынан 13 орман өрті тіркелді. Сондай-ақ, бірнеше саяжай учаскесі өртенді.

 Сондай-ақ биыл автокөліктің өртену жағдайлары артқан. Мәселен, өткен аптада Петропавлдағы Чайковский, 4 көшесінде «Ауди 100»  жеңіл автокөлікте сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шыққан және төтенше жағдайлар мамандары келгенше, газ қондырғысы жарылған.

 ДМИТРИЙ РАСТИХИН,  СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Автокөлік жүргізушілеріне айтарымыз, көлік толығымен тексеруден өткеннен  кейін барып қана оны қолдану керек. Сондай-ақ, көліктеріңізде міндетті түрде кемінде 2 килограмм сыйымдылығы бар өрт сөндіргіші болуы қажет.

 Биыл облыста 17 көлік өртенді.  Олардың басым бөлігі - жеңіл машина.  Ал өткен жылы мұндай  25 жағдай тіркеліп, 22 млн. теңгеден жоғары көлемде шығын келді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде осындай өрттер 25 тіркелді, олардан келген залал 22 млн. теңгеден асты

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 21 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:37, 11 мамыр 2022
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 21 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...