ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БИЫЛ ӨРТТЕ 31 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

20:44, 8 маусым 2021

7 маусым күні М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып 1972 жылы туған азамат мерт болды. Жалпы жыл басынан обылста 300-ден астам өрт тіркеліп, қызыл жалын 31 адамның өмірін жалмады. Келген шығын 143 млн теңге.

7 маусым сағат 17-00-де М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласы, Чкалов көшесіндегі үйлердің біріннен өрт шығып, баспананың қабырғасы мен ішіндегі жиһаз толықтай жанып кеткен. Құтқарушылар өрт сөндіру барысында үйінді астынан 1972 жылы туған үй иесінің денесін тапты. Қызыл жалын темекі тұқылынан шыққан дейді мамандар.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

  • Бұл үйде бұған дейін де, нақтырақ айтсақ 26 мамыр өрт шығып, үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Сымдардың қысқа тұйықталуынан болған апаттың салдарынан үйдің шатыры толықтай жанып кеткен. Қызыл жалын 34 шаршы мет аумақты шарпыған.

Күні кеше Петропавлда түс ауа, нақтырақ айтсақ сағат 14-05-де 314-ші атқыштар девизиясы көшесі, 170 мекенжайы бойынша орналасқан жеке аулада өрт шықты. От белгісіз біреулердің терек мамығын өртеуінен тұтанған. Дәл осы күні мамықтың жануынан темір гаражбен шатыры бір типография ғимараты өртеніп, қағаз, плакаттар, агртехника жанып кетті.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

  • Жыл басынан облыста 327 өрт тіркеліп, 31 адамның өмірін жалмады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 процентке көп. Келген шығын 143 млн теңгеден асып түсті. Бұл да былтырғымен салыстырғанда 3,5 есе артық. Тіркелген өрттің 75 пайызы жеке үй секторларында шыққан.

Алдағы уақытта ормандағы сондай-ақ қаладығ өрттің алдын алу үшін әкімдік терек мамықтарына су шашуды жоспарлап отыр. Алайда, құтқарушылардың айтуынша мамықты сулау жеткіліксіз, оны ылғал күйінде жинап алу керек. Әйтпеген жағдайда ол құрғап қайта жануға бейім болады. Айта кеткен жөн жыл басынан ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 350-ден астам рейдтік шара ұйымдастырды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛМАҚ БОЛҒАН ЕР АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:03, 4 тамыз 2021
ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛМАҚ БОЛҒАН ЕР АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА 3 БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 30 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА 3 БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...