ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ДЕМАЛЫС ОРНЫНДА ЕКІ БОЙЖЕТКЕН СУҒА КЕТТІ

17:20, 24 мамыр 2021

Мағжан Жұмабаев атындағы  жоғары колледжінің 27 жастағы  оқытушысы мен сол оқу орнының 20 жастағы студенті Есіл өзенінде суретке түспек БОЛЫП, суға кетті. Қайғылы оқиғаның мән-жайы ТЖД өткізген брифингте айтылды

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі 4-ші курсының студенттері мен олардың кураторы - барлығы 12 адам «Волна» демалу орнына барған. Кейін табиғат аясында фотосессия жасамақ болып, Есілге түскен. Студенттердің біразы өзеннен шығып, суда тек  27 жастағы куратор мен студент қыз селфи жасаймыз деп қалған.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ,  СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Екеуі суда тұрып суретке түспек болған. Ал ол жерде өзеннің ағысы қатты, судың түбінде тік жарлар кездеседі. Қыздар белуардан суға кірген, алайда құлап кеткен. Қатты ағыс оларды бірден алып кетті. Студент жігіттердің біреуі құтқармақ болып суға секіргенімен, үлгермеді. Өзі суға кете жаздап, жағаға әрең жетті.

Сүңгуірлер екі қыздың денесін 5-7 метр тереңдіктен  тапты. Оқу орнының басшылары куратор мен студенттердің демалыс орнына шыққанын білмепті.   

БАҚЫТГҮЛ  СОЛТАНОВА, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Оқытушы мен студент қыз тағы селфи жасауға қалған, қатты ағын болғандықтан, өзен терең болғадықтан, батып кетті. Топтың демалыс күні серуенге шығайын деп жатқаны туралы колледж әкімшілігі хабардар болған жоқ.

Оқу орнында енді қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Соңғы 8 жылда өңірде 189 адам суға батқан, олардың 24 бала.

Индира Ахатқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
20:44, 28 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...