ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕСІЛ АУДАНЫНДА БІР АДАМ СУҒА КЕТТІ

17:15, 2 маусым 2022

Есіл ауданы Покровка елді мекенінің маңында Есіл өзеніне  бір адам  суға кетті. Құтқарушылар ер адамның денесін 7 күн іздеп, тапты. Қазіргі таңда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Мамырдың 25-і жедел нөмірге Есіл ауданы, Покровка ауылының 1970-ші жылы туған тұрғыны жоғалды, суға кетуі мүмкін деген хабар келіп тсүкен. Құтқарушылар ерадамды 3 күн бойы Есіл өзенінен іздестірген. Өкінішке орай  бұл жұмыстар нәтиже бермеді. Ал бір аптадан кейін  ер адамның денесі су бетіне шыққан.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Мамандарымыз өзенді жағалай, ағаштар мен бұталардың арасын тіпті су астына сүңгіп бірнеше күн бойы тыным таппай іздеді. Мүрдені көлігін қалдырған жерден 8 шақырымдай алып кетіпті. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз.

Жалпы, бұл жыл басынан суда орын алған алғашқы қайғылы оқиға. Мамандардың сөзінше биыл ел бойынша 32 адам суға кеткен. Соның 6-ы бала. Ал, өткен жылы СҚ бойынша 22 адам көз жұмған. Жалпы, бүгінгі күні облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 58 арнайы орын барын. Оның 2-і Петропавлда орналасқан.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Соңғы 9 жылда облыс бойынша 211 адам суға кетті. Оның 33-і бала. Бұл қайғылы оқиғалардың барлығы да шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған. Мұндай қайғылы жағдайды болдырмас үшін балалардың жазғы демалысындағы қауіпсіздігіне аса назар аудару керек. Осы ретте құтқарушылар әртүрлі шаралар өткізіп жатыр. Айта кетсек жыл басынан 40мыңға жуық жадынама таратылды және 2мыңнан астам патрульдік-рейдтік шаралар өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Жыл басынан облыс аумағында 316 өрт тіркелді. Салдарынан 27 адам көз жұмды.Оның 2-і бала. Өрттің 77% - ы тұрғын үй секторында болғанын атап өткен жөн.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жыл басынан дала өрті көбейді. 22 орман өрті тіркелді.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57 пайызға көп. Қызыл жалынның салдарынан орманды алқаптың 725 гектарына зақым келГЕН.  Осы ретте жерлестерімізді жазғы уақытта өрт қауіпсіздігін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

 Бүгінгі күні облыста 50 өрт сөндіру бекеті құрылды. Олар халық саны 38 мыңнан асатын облыстың 150 елді мекенін өрттен қорғайды.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар