ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ САЯЖАЙЛАРДЫ СУ БАСТЫ

20:44, 26 сәуір 2021

Петропавлда Есіл өзені тасып, республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті.  Оған қоса саяжайларды да су басқан. Мамандардың айтуынша, су тасқынының шарықтау шегі  27-28 сәуірге болжанған. Ал, екінші толқыны мамыр айының бірінші жартысында  күтіледі.

ИНДИРА АХАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

«Заречный кентінің тұрғындары жыл сайын су тасқынынынан зардап шегеді. Дегенмен бұл жылы, мамандардың айтуынша – жағдай қалыпты. Бір, екі күнде мына бүкіл су кетіп, жүріп тұруға қиындық туғызбайды.»

СӘКЕН  АҒЗАМОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ :

- «Заречный кентінде жергілікті атқарушы органдар топырақ үйіп кедергілер жасады. Оған дейін су жеткен жоқ, шамамен 1,5 метр бар. Ссондықтан, үйлерге су кірмейді.  Жүріп-тұруға жолдар бар, біреуі «Жасөркен» ықшам ауданы жағынан, екіншісі –мына  өтпе. Барлық жол жүру белгілері қойылған.»

Солтүстік Қазақтан облысында су тасқыны бойынша жағдай қалыпты. Өңірде екі гидропостта су деңгейінің арнасынан асуы байқалады. Ол Новоникольское елді мекенінде және Петропавл қаласында. Бірақ, бөгеннен асып жатқан судың деңгейі қауіпті емес. Шаһарға тілсіз жаудан қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, саяжайларға жолдар жабық, 1000-ға жуық саяжайды су басқан.

РОМАН ГИРИЧЕВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» АҚ СҚОФ ИНЖЕНЕРІ:

«25 сәуір су тасқынының екінші толқыны Тоқсан Би ауылына жақындады, бүгін-ертең Сергеев су қоймасында  судың көтерілуі күтіледі. Су көлемі шамалы болады.  Екінші толқынның тасқыны біріншіден асып түспейді. Сондай-ақ, Долматово ауылындағы өзен деңгейі бір тәулік ішінде 18 сантиметрге көтерілді. »

Мамандардың есебінше, биыл Есіл өзенінің су деңгейі 1020-1035 см-ге көтеріледі. Яғни қауіпті деңгей – 1050 см-ге жетпейді. Ал, облыстың шағын өзендерінде судың деңгейі төмендеп келеді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...