ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 110 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

17:22, 12 наурыз 2021

Облыс аумағында бір аптадан бері боран. Тек өткен тәулікте өңірдің құтқарушылары жолда қалған 110 адамды және 38 техниканы эвакуациялады. өңірдің 14 тұрғыны үйлеріне жете алмай, жылыту пунктерінде түнеген. Көктем келгенімен, қыс кетуге асығар емес. Синоптиктер алдағы екі күнге дауылды ескерту жариялады.

Кеше яғни 11 наурыз күні сағат 15:15 тен бастап   16 республикалық және барлық  облыстық маңызы бар жолдар жабылды. облыс тұрғындарына арнайы смс хабарлама жіберілді. Алайда, мамандардың сөзінше, оны елемегендер болған. Есіл ауданында 9 адам оның біреуі кішкентай бала қар құрсауында қалып, үйіне жете алмай, жылыту пунктінде түнеді. Тайынша ауданының тұрғындары да ақ түтек боранға қарамастан жолға шығып, 5 адам үйлеріне жете алмай қалды.

РҮСТЕМ ЖҰМАҒАЛИЕВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Кеше біз құтқару жұмыстарын да жүргізідік. Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимка елді мекенінен 1974 жылғы  ауыр науқасты  Сергеев қаласындағы аудандық ауруханаға алып бара жатқан жедел-жәрдем көлігі діттеген жеріне жете алмай қалған. ТЖД «трекол» көлігі арқылы науқасты ауруханаға жеткізді. Және М.Жұмабаев ауданында да боран салдарынан жолда жүру мүмкін болмағандықтан, біздің автокөлікпен Молодогвардейский ауылынан 1964 және 1958 жылғы тұрғындар Возвышенко емдеу амбулаториясына жеткізілді. 1958 жылғы азаматтың аяқтарын үсік шалған..

Синоптиктердің сөзінше, алдағы тәуілікте Мәскеуден келген антициклон салдарынан облыста ауа температурасы -25,30ға дейін төмендейді. Сондықтан да, 13 наурызға да дауылды ескерту жарияланған.

РОМАН ГИРИЧЕВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚФ ИНЖЕНЕРІ:

- 11 наурыз күні облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды. Кеше желдің жылдамдығы 25 м\с дейін жетті. Ғ.Мүсірепов ауданы Андреевка ауылында  бір айлық мөлшерге тең қар жауды. Жалпы наурыз айының екінші онкүндігінде күн біршама жылынса да, ай соңына қарай тұрғындарды қайтадан құбылмалы ауа-райы күтіп тұр.  Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде -5,-10 градусқа дейін суыстуы әбден мүмкін.

ТЖД мамандарының сөзінше әлі де 5 республикалық маңызы бар тас жол  жабық. Ол жерлерде қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешегі ақ түтек боранда оқыс оқиғаның алдын-алу үшін құтқару қызметінің 249 маманы мен 204 техникасы жұмылдырылды.

Жансая Қайыпова

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...