ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҚАТТЫ ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫ

20:42, 6 мамыр 2022

Облыста қатты дауыл салдарынан көлік үстіне ағаш құлап, Береке ықшам ауданында ғимараттың шатыры жұлынды. Бүгін 112 қызметі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін дауыл тұратындығы жөнінде ескерткен болатын. Петропавлда ауа райы түске қарай күрт бұзылды. Қатты дауыл ағаш бұтақтарын сындырып қана қоймай, ғимараттарды зақымдады. Дүлей дауылдан бір адам зардап шеккен. Жас өркен ықшам ауданында құрылыс алаңында 56 жастағы жұмысшының үстіне қоршаудың қаңылтыры құлап бұғанасы сынған. Қазіргі кезде ол ауруханада жатыр, жағдайы орташа.

 Әлеуметтік желіде бірнеше бейнежазба да тарады. Куәгерлердің айтуынша, облыс орталығындағы «Қазақтелеком» ғимараты зақымданған . Береке ықшам ауданында салынып жатқан сауда үйінің шатырын жұлып кеткен. Ал, орталық көшелердің бірінде үш көліктің үстіне ағаш құлап кетті. Әзірге дауылдан келген залалдың нақты көлемі белгісіз. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының айтуынша, өңірдің барлық аудандарында дауыл тұрады. М. Жұмабаев ауданы Возвышенка елді мекенінде және Уәлиханов ауданының Кішкенекөл елді мекенінде желдің екпіні 23 м/с дейін жетіп, көру аймағы 200-500 метрден аспады. Синоптиктер 7 мамырға да дауылды ескерту жариялады. 7-ШІ мамырға қараған түні кей жерлерде ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Сондай-ақ жаңбыр жаумақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 21 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:37, 11 мамыр 2022
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 21 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...