ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАТТЫ СУ ТАСҚЫНЫ БОЛМАЙДЫ

20:37, 15 сәуір 2021

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы су қоймасына барып, бөгеттің су тасқынына дайындығын көрді. Өңір басшысының айтуынша, биылғы су тасқыны 2017 жылдағыдай қатты болмайды. Дегенмен қауіп бар.  Екі тәулікте ғана  Сергеев су қоймасындағы су арнасынан  122 сантиметрге асқан. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2017 жылдағыдай су тасқыны болмайды десе де,  қауіп жоғары.  Сергеев су қоймасына су 122 см-ге асып-төгіліп жатыр. Негізгі су келетін Ақмола облысының бөгеті әлі су  жібермеген. Қазір құтқарушылар су тасқынының қаупі жоғары  4 ауданда жұмыс істеп жүр. Ол Ғ.Мүсірепов,Уәлихав, Тимирязев пен  Айыртау аудандары. 

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

-  Күн күрт жылынып, қар тез еріп жатыр. Алдағы үш күнде еріген қар суының мөлшері азаяды. 4 ауданнан басқа Шал ақын ауданының бірқатар елдімекенін назарда ұстап отырмыз. 

Мамандардың айтуынша, су тасқыны кезінде Есіл өзені арқылы шамамен  1,5 млн текше метр су келмек. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз.  10 күннің ішінде топан су Петропавлға дейін жетеді.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Еріген қардың суы үйлерге кірмес үшін алдын ала жұмыстар жүргізілді. Қар шығарылып, су құбырлары ашылды, бөгеттер салынды. Нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Екінші категоря Сергеев су қоймасы арқылы келетін су. 

Мамандардың айтуынша тасқынмен күресу үшін оларда бәрі де дайын. Техника тексеріліп, адамдар дайындықтан өткен.   

 

Тақырып бойынша материалдар

СУҒА КЕТКЕН БАЛЫҚШЫНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ
20:38, 11 мамыр 2021
СУҒА КЕТКЕН БАЛЫҚШЫНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕЛЯКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 8,5 МЛН ТЕҢГЕ ШЫҒЫНҒА ҰШЫРАДЫ
20:43, 4 мамыр 2021
ЖЕЛЯКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 8,5 МЛН ТЕҢГЕ ШЫҒЫНҒА ҰШЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...